Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бәрі өтпейді" - Асқар Жұмаділдаев Жаңа академияға кімдердің өтетінін айтты

14:12, 09 сәуір 2025 1102

Қаңтар оқиғасынан кейінгі аумалы төкпелі реформалардан соң Қазақстанда екі ғылым академиясы жұмыс істеп келді. Кейін ескі ғылым академиясының тағдыры туралы әртүрлі әңгіме айтылды. Ескі ғылым академиясының академиктері далада қала ма, әлде қайтадан жаңа академияның мүшесі бола ма деген басы ашылмаған сұрақтар болған.

Бүгін сол сұраққа академик Асқар Жұмаділдаев нүкте қойды деп, жазады Alash.KZ сайты Nege порталына сүйеніп. 

– Негізі бұл оң шешім болды. Өйткені, екі академия болғанның ешкімге керегі де, пайдасы да жоқ. Ескі академия ғалымдары жаңасына өтемін десе, қайтадан сайлануға тура келеді. Олардың ішінде де мықты ғалымдар бар. Бұрынғы академиктерге «Құрметті академик» атағы беріліп, құрамға кіреді. Әрі қарай жұмысына қарап көреміз, - дейді Асқар Жұмаділдаев.

Жаңа академияның мүшесі болу үшін бес баспалдақтан өтеді. Бәрі өтпейді. Егер олар арыз берсе, қарастырамыз. Бермесе, ешкім атағын тартып алмайды. Олардың құқығын бұзбаймыз. Қалған мәселе академияның кеңесінде шешіледі. Әлі құрылып бітпей жатырмыз. 20 жылда қираған нәрсе бір күнде шешілмейді ғой, дейді ғалым. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар