Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тоқаевтың үш тазысы бар

14 наурыз 2024 87

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үш асыл тұқымды құмай тазысы бар. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 
   

Бүгінгі күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үш асыл тұқымды құмай тазысы бар. Оның бірі – қызғылт-сары түсті Наурыз атты күшік. Бұл тазыны былтыр Мемлекет басшысына ит асыраушы Анна Захарова сыйға тартқан болатын. Қазір Наурыз 1 жас 4 айға толды. Қалған екеуі – 4 жасар, ақшыл-сары түсті Ронни деген арлан тазы мен 5 жасар ақшыл түсті Нэнси, делінген хабарламада.

Нақтыланғандай, иттер қоршалған аумақта, жылы үйшікте күтіп-бапталады.
   

«Арнайы сертификаты бар кинолог маман оларды үйретіп, саятшылыққа баулиды. Қасым-Жомарт Тоқаев бос уақытында тазыларымен серуендегенді ұнатады»,- деді  Ақорда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?