Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Суға кеткен малды үкімет қалай төлеп береді?

22 сәуір 2024 192

Биылғы су тасқынынан өлген төрт түлік малға үкімет өтемақы төлейтін болды.

Қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде су басқан жерлерден қауіпсіз учаскелерге 112,5 мың бас мал эвакуацияланды. Бүгінгі таңда 7035 бас расталған, оның басым бөлігі - ұсақ мал.

Су тасқынына қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық штабтың хаттамасымен өлген малдың құнын өтеу алгоритмі бекітілді. Бұл алгоритмге сәйкес су тасқыны салдарынан өлген малдың иелері өтемақы алуға құқылы.

Меншік иесі қалай анықталады?

- жануардың бірдейлендіру номерін (бирка, таңба және т.б.) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорымен салыстыру жолымен;

- тіркелмеген жағдайда куәгерлерді тарта отырып, залалды өтеу жөніндегі комиссияның актісімен.

Ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне өтемақы төлеу бюджет қаражатынан да, бюджеттен тыс көздерден де жүргізілмек.

"Иелерi жергiлiктi жерлердегi залалды өтеу жөнiндегi комиссияға өтiнiш жасауға тиiс. Комиссия мүшелеріне өтемақы төлеу үшін қажет құжаттар туралы нұсқау берілді. Барлық өтінімді жергілікті әкімдіктер құрған ресми комиссияларға ғана беру қажет. Тек осы жағдайда ғана өтемақы төленеді", – деді Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері.

Су тасқыны бойынша жағдай тұрақталған өңірлерде өлген мал иелеріне келтірілген залалды өтеу басталып кеткен. Қарағанды облысында залал толығымен өтелді. Қостанай облысында бұл жұмыс басталып, бүгінгі таңда 268 мал басы бойынша төлем жүргізілді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?