Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Сен оны бірнеше сағат бойы өлтіргенсің" - Салтанат Нүкенованың анасы

01 сәуір 2024 747

Қуандық Бишімбаев марқұм әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтіргенін мойындамады

"Маған қандай да бір сөз айту қиын. Мені кешіреді деп те ойламаймын. Бірақ кешірім сұрау - менің адами парызым. Бұл орны толмас қайғы екенін және оған менің қатысым барын білемін. 

Екіншіден, мен кінәмді мойындамаймын деген сөзімді түсіндіре кетейін. Мен әдейі, аса қатыгездікпен өлтірді деген сөзбен келіспеймін", - дейді Бишімбаев. 

Осы сәтте Салтанаттың анасы өзін ұстай алмай, ашуланып кетті.  

"Аса қатыгездікпен өлтірмедім дегенің қалай? Мен өз қызымның түрін дұрыс көре алмадым. Сен оны аса қатыгездікпен ұрғансың. Бұлай айтуға қалай дәтің барды? Сен оны бірнеше сағат бойы өтіргенсің. Сен оны 8 сағат өлтірдің", - деді Салтанат Нүкенованың анасы.

Бұдан кейін Бишімбаев Салтанатты жақсы көргенін, оны аса ауыр қатыгездікпен өлтірмегенін айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?