Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресейде Есіл өзені арнасынан асты, 10 елді мекеннің тұрғындары эвакуацияланады

17 сәуір 2024 117

Ресейдің Түмен облысында Есілдің арнасынан асуына байланысты 10 елді мекеннің тұрғындары эвакуацияланады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Бұл туралы Есіл ауданының әкімшілігі өз парақшасында хабарлады.

- Бір күн бұрын Қазан ауданындағы Ильинка ауылының маңынан іргесінен ағатын Есіл өзеніндегі су деңгейі 800 см болып,межеден асып түсті, - деп атап өтті әкімдік өкілдері.

Еске сала кетейік, 8 сәуірден бастап Түмен облысында су тасқыны қаупіне байланысты төтенше жағдай жарияланды. Тобыл және Есіл өзендерінде су деңгейінің көтерілуі болжанып отыр. Су басу аймағында 7,2 мыңнан астам тұрғыны бар 50-ден астам елді мекен орналасқан. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?