Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда сары ауруға шалдыққандар көбейді

25 наурыз 2024 199

Елімізде сары ауруға шалдыққандар саны күрт арты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Сырқаттың белгілері қандай?

2024 жылдың басынан бері елде жіті А вирустық гепатитінің 850 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,9 есе жоғары. Соған орай, министрлік бұл сырқаттан сақтану жолдарын еске салды.

                                 
А вирустық гепатитінің берілу жолдары
А вирустық гепатиті лас сумен, ластанған тағаммен және науқаспен байланыста болғаннан кейін кір қолдар арқылы беріледі. 
А вирустық гепатиті ауруының белгілері
Аурудың белгілері – дене температурасының жоғарылауы, бастың ауруы, тәбеттің төмендеуі, енжарлық, жүректің айнуы, құсу. 
Инкубациялық кезең – 14-тен 35 күнге дейін.
А гепатитімен ауыратын науқас симптомдар пайда болғанға дейін 2 аптада және бір аптадан кейін басқаларға жұқпалы болады.

Вакцинациялау А вирустық гепатитінен қорғайды

Вакцинациялауға жатады:

екі жастағы балалар;
инфекция ошақтарындағы байланыстағы адамдар.

Гепатит инфекциясынан қалай сақтануға болады:

-тамақтанар алдында, дәретханаға барғаннан кейін, жұмыстан оралғанда, серуендегенде қолыңызды жуыңыз;

-шық су қоймаларынан қайнатылмаған су ішпеңіз және онымен жемістер мен көкөністерді жууға болмайды;

-ластанған су айдындарында шомылуға болмайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?