Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан Қытайда шығарылатын, сынақтан өтпеген дәрілерді сатып алған

19 наурыз 2024 151

Қазақстан әлі клиникалық сынақтан өтпеген инсулинды Қытайдан сатып алған. Бұл туралы парламент мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрымова мәлімдеді. 

Оның мәлімдеуінше,еуропалық инсулин дәрісі елімізде 2014 жылы тіркелген. Ол бір жастан асқан балаға алуға болатын жалғыз инсулин. Ол тегін медициналық көмек ретінде берілетін, кепілдендірілген дәрі-дәрмек қатарына қосқан, бірақ пациенттер оны "белгісіз себептермен ала алмай отыр".

Қазақстан денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қытайлық инсулиннің алғашқы партиясы былтыр сатып алынғанын айтты.

"Бір жыл ішінде халықтан ешқандай шағым түскен жоқ. Балалар осыған дейін қолданып келе жатқан инсулинді бұдан кейін де алады" деді министр.
🔸

Дәрі-дәрмек жеткізуші бірыңғай дистрибьютор инсулин сатып алу заңға сәйкес жүзеге асты деп хабарлады. "СК-Фармация" дәрілерді денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 20 тамыздағы №88 бұйрығы бойынша бекітілген "қатаң тізбесі бойынша" сатып алатынын айтты. Онда халықаралық патент берілмеген атаулар, дәрінің сипаттамасы (дозасы, шығару түрі) көрсетілген дейді. Қазір тізімде инсулиннің оннан астам позициясы тұр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?