Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайрат қайтарып жатыр. Сатыбалдыдан 732,8 млрд теңгенің активі қайтарылды.

06 наурыз 2024 180

Экс елбасының немере бауыры Қайрат Сатыбалдыдан қазірге дейін 732,8 млрд теңгенің активі қайтарылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов мәлімдеді деп хабарлайды alash.kz. 

Активтерді қайтаруға келсек, 2022 жылдан бері 1 трлн теңгеден астам сома қайтарылды. Оның ішінде 732,8 млрд теңге Қайрат Сатыбалдыға қатысты қылмыстық істі тергеу аясында қайтарылған, - деді Тілеубеков брифингте.

Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылдың ақпанында Қайрат Сатыбалдыдан бюджетке тағы да 82,6 миллиард теңге түскені белгілі болған.

2022 жылдың 26 қыркүйегінде Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыны 6 жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Сатыбалдыға Қылмыстық кодекстің екі бабы «алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру», «сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу» баптары бойынша айып тағылған болатын. Ол процесс барысында тағылған айыпты мойындады.

Сондай-ақ Сатыбалды 10 жыл бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Ол «Құрмет» пен «Парасат» ордендерінен айырылды. Ол жазасын Шығыс Қазақстанда орналасқан ОВ-156/20 колониясында өтеп жатыр. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?