Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қарағанды шенділері мерекелік безендіру деген сылтаумен 985 млн теңгені құртпақшы болған

18 наурыз 2024 106
Қарағанды прокуратурасы 900 миллион теңгеден аса сомаға конкурстың күшін жойды.
 
Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының прокуратурасы жалпы сомасы 985 156 250 теңге болатын конкурстың күшін жойды. Бұл - ауданды мерекелік безендіру бойынша үш жылдық конкурстың ақысы.
"Оған бір жылдан аса мерзімге шарт жасасу негіздерінің толық тізбесі көзделген Бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларының бұзылуы негіз болды. Тапсырыс берушіге шартты орындау мерзімін ұлғайту әлеуетті жеткізушілердің қатысуын шектеген", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Прокурордың наразылығы бойынша аудан әкімдігінің конкурсының күші жойылып, конкурсты 1 қаржы жылына жариялау талаптарына бекітілді.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?