Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Путиннің досы Қазақстанда жылу электр стансасын салмақ

26 наурыз 2024 89

Игорь Сечин басшылық ететін ресейлік «Интер-РАО» компаниясы Қазақстанда үш жылу электр стансасын салады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты.

Оның айтуынша,аталған компания бұл мәселеде үлкен жетістіктерге жеткен.

«Көкшетаудағы ЖЭС құрылысының негіздемесіне түзетулер енгізілуде. Біз құрылысты биыл бастау мүмкіндігі туралы айтып отырмыз. Басқа жобалар бойынша ЖЭС негіздемесін әзірлеу аяқталуда, оның нәтижелері бойынша техникалық шешімдер бекітіліп, тиісті жабдыққа тапсырыс беріледі», - деді ол.

Алғашқы станция Көкшетауда, одан кейін Семей мен Өскеменде салынады.

Құрылысты «Интер РАО» компаниялар тобы жүргізеді. Бұған дейін, компанияның Еуропадағы бөлімшелері оның басшыларының (Игорь Сечин) Путинмен байланысы болуы себепті санкцияларға ұшырағаны айтылған. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?