Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өлтіріп кетуі мүмкін: Алматыда жоғалып кеткен 3 жасар қыз әлі табылмады

25 сәуір 2024 271

Алматы облыстық Полиция департаменті Еңбекшіқазақ  ауданы Күш ауылында жоғалып кеткен үш жасар қызды  өлтіріп кетуі мүмкін екенін айтты.

Алматы облыстық Полиция департаменті  із-түзсіз жоғалып кеткен 3 жастағы Айя Софияға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталғанын айтты.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі «Кәмелетке толмаған адамды өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, - деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаментінен.

Бүлдіршінді әлі іздеп жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының ережелеріне сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды, – деп атап өтті ведомстводан.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?