Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

НАТО Ресейге шабуыл жасауы мүмкін - Е.Ертісбаев

30 қаңтар 2024 91


НАТО-ның қырғиқабақ соғыстан кейінгі ең ірі жаттығуы басталды. Бұл туралы мемлекет және қоғам қайраткері, Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев өзінің YouTube-арнасында пікір білдірді.



НАТО Ресейге шабуыл жасауы мүмкін. Алайда бұл ұйым мұны ашық айтпайды. Ең басты стратегиялық алянс құжатында Ресей НАТО-ға мүше елдерге тікелей қауіп төндіретін ел қатарына жатқызылған. Ал Германияның Қорғаныс министрі Борис Писториус өз сөзінде Ресей тарапынан болатын шабуылға дайын болу қажеттігін айтқан. НАТО Прибалтика, Польша, Батыс Балқан, Молдавия шекрасындағы ыстық нүктеде. Ұйым тарапынан мұндай ірі оқу-жаттығу өткізілейін деп жатыр. Бұл жай емес, 90 мың сарбаз, 31 мемлекет, 50 кеме, 80 жауынгерлік ұшақ,, 133 танк6 т.б. қатысатын оқу-жаттығу мамыр айына дейін созылады... - дейді Е. Ертісбаев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?