Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мәжіліс екі айда не бітірді?

01 наурыз 2024 131

Соңғы екі айда Мәжіліс 18 заң қабылдап, Сенаттың қарауына жіберді. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді. 

Олардың қатарында,отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл, цифрландыру, ғылым, бизнес жүргізу, медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін сақтандыру, трансферттік баға белгілеу, халықтың көші-қон мәселелері секілді құқықтық нормаларға түзетулер енгізілген.

Қазіргі уақытта депутаттар Бюджет, Су, Құрылыс кодекстері, сондай-ақ бірқатар маңызды заң жобалары бойынша бір мезетте жұмыс жүргізуде. Енгізілген әрбір жаңа өзгерісті сарапшылар мен жұртшылық кең көлемде талқылайды, палатаның барлық іс-шарасына бұқаралық ақпарат құралдары мен мүдделі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кедергісіз қатыса алады,деді Мәжіліс төрағасы.

Сонымен қатар Президентке депутаттардың парламенттік дипломатия бағытындағы қызметі туралы ақпарат берілді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?