Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Крокустағы теракт»: Қырғызстан азаматы ұсталды

26 наурыз 2024 236

Бүгін «Крокус ситидегі» терактқа қатысты сегізінші күдікті сотқа жеткізілді.

«Крокустағы» лаңкестік шабуылға қатысы бар Қырғызстан азаматы ұсталды

Әлішер Қасымов атты Қырғызстан тумасы террористердің жоспарынан бейхабар болғанын айтады. Тергеу мәліметтері бойынша, ол ұсталған күдіктілерге пәтерді жалға берген. Қасымовтың өзі пәтер өткізетін «Авито» қызметі арқылы ғана олармен байланыста болғанын айтады.

Айта кетейік, 25 наурызда Мәскеудің Басманский сотына тағы үш күдікті «Крокус Сити Холл» концерттік кешенінде террористік акт жасауға араласты деген күдікпен жеткізілген.

Сот отырысы жабық режимде өтеді.

Тергеу оларды тұтқындау туралы өтініш жасамақ.

Олардың бірі Диловар Исмолов террористерге делдал ретінде көмектесті деген айыппен күдікті. Ұсталғандар мінген «Рено» көлігінің негізгі иесі.

Тағы бір ұсталған Диловардың 62 жастағы әкесі Исроил Исмоилов және оның 33 жастағы ағасы Аминчон Саломов. Олар тағылған айыппен келіспейді.

Тергеу Диловар мен Аминчон 24 наурызда қамауға алынған Шамсиддин Фаридуниді қылмыстық топқа тартты деп есептейді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?