Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жерімізді ешкімге бермейміз: Армения халқы Пашинянның отставкасын талап етті

10 мамыр 2024 541

Армения астанасы Ереванда премьер-министр Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап ететін мыңдаған адам митингке шықты, деп хабарлайды Alash.kz.

9 мамыр күні кешке 20 мыңнан астам адам қала орталығына жиналды. Жиналған халық Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етті.

Наразылық акциясына Армян апостолдық шіркеуінің Тавуш епархиясының басшысы архиепископ Баграт Галстанян басқарған «Отан үшін Тавуш» қозғалысының жақтаушылары шыққан. Митинг барысында наразылық білдірушілер «билікке бағынбайтынын» және Пашинянға премьер-министр қызметінен кетуге уақыт бергенін айтты. Әзірге Пашинян кездесу және отставкаға кету туралы талаптарға жауап бермеді. Осыдан кейін архиепископ Ұлттық Ассамблеяда импичмент жариялау арқылы премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етпек.

«Шеруге шыққандар алаңда қалу туралы шешім қабылдады. Біз нақты әрекет жасаймыз. Нәтижеге қол жеткіземіз. Тек бәріміз жұмылуымыз керек», – деді архиепископ наразылық акциясына қатысушыларға.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?