Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Елдің қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету үшін...". Армения Еуразиялық одақтан шығып, Еуроодаққа кіруге дайын!

04 наурыз 2024 93

Армания өз таңдауын жасауы мүмкін. Яғни Армения Еуропалық Одақ мүшелігіне кандидат болуға дайын. Бұл туралы осы республиканың Парламенті – Ұлттық жиынының төрағасы Ален Симонян мәлімдеді деп хабарлайды alash.kz.

Осылайша, бұл елдің билігінің заң шығарушы және атқарушы тармақтары аталған мәселеде бірауызды болып отыр.

Мұның маңыздылығы сол, егер Армения ұжымдық Еуропаға кіруге шақыру алса, онда тиісті халықаралық құжаттарды дәл осы Парламент мақұлдап, ратификациялауға тиіс. Онсыз ел бұл мұратында бір қадам ілгерілей алмайды.

Оның үстіне, Армения мұның не үшін керектігін, яғни стратегиялық маңызын жақсы түсінеді.

Парламент спикерінің айтуынша, "ұлттық қауіпсіздікті барынша қамтамасыз ету үшін" Ереван осы бағытта ілгерілеуді мұрат етеді. Оның сөзін "Арменпресс" агенттігі келтірді.

"Біз дайынбыз! Біз елдің қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету үшін осы бағытта жылжитын боламыз. Армения демократиялық мемлекет болуға және демократиялық мемлекеттермен бірге болуға тиіс. Сонда біз ең басты қауіпсіздік жүйесінде боламыз", – деді Симонян.

Нақтылайық, Армения Мәскеу жетегіндегі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше. Ал Еуроодаққа мүше болуға шақыру алу үшін ЕАЭО-дан шығуы шарт. Осыған қатысты сұраққа жауап берген Парламент төрағасы Ереван сыртқы саяси бағдарын асығыс, шалт өзгертпейтінін нақтылады.

"Еуроодаққа мүше көптеген елге қарағанда демократия көрсеткіштерінің бізде анағұрлым жоғары екенін біз іс-қимылымызбен көрсетіп отырмыз. Бұл – өзімізді өзіміз мақтау емес, мұны ЕО бойынша серіктестеріміз айтып жүр. Сондықтан осы бағытта алға қозғала бергеніміз жөн. Бірақ мен асықтырғым келмейді. Мемлекеттік деңгейде тосын бетбұрыстар жасаған жақсылыққа соқтыра бермейді", – деді Ален Симонян.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?