Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ежелгі белгілерді зерттеуге болады

22 ақпан 2024 93

Елтаңба елдің мәдениетін, құндылықтарын және тарихын нақты бір символмен көрсететіндей қарапайым әрі ықшамды болуы керек.

Меніңше, қазіргі елтаңбаның кейбір кемшіліктерін де атап айтуға болады. Сондықтан елтаңбаны ауыстыру туралы пікір-таластың болғаны – жақсы үрдіс.  Маған бір қараған кезде бірден көзге түсетін кемшілік — символдардың, элементтердің көптігі.

Эклектика тәсілі бойынша, елтаңбаның ішінде әртүрлі анадан-мынадан алынған нышандар бір-бірімен қабаттасып берілген. Мысалы, төбедегі жұлдызша Совет өкіметінің символына көбірек ұқсайды, ал ортадағы қалқан шаңырақ ретінде екі мағынаны беріп тұр. Шаңырақтың ортада тұрғаны геометриялық заңдылықтар бойынша қате. Сондықтан шаңырақ ортада жалпақ болып көрінеді, тұрған градусы басқаша және жоғарыда болу керек. Мұның нақтысын дизайнерлер, суретшілер түсіндіріп бере жатар. Қанатты аттар алыстан қарағанда түсініксіздеу, басқа жануарларға (ешкіге) ұқсап кетеді.

Тағы бір кемшілік — алтын түске қатысты мәселе. Қазақ халқы үшін алтын — материалдық тұрғыдағы ғана түстің белгісі. Халқымыздың салты бойынша, күміс пен аспанның түсі теңелген, егер де алтын сары болса, күміс көк.  Елтаңбаның белгісі мағынасы терең әрі жинақы бір ғана символмен белгілеуге болатындай өзгерісті қажет етеді. Ол үшін ежелгі белгілерді зерттеп, жүйелеп, қарауға болады. Бұл — менің адам ретіндегі жеке пікірім.

Мерей Сембай,

Өнертанушы, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ-дің ұстазы

Фото: aikyn.kz

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?