Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

ДСМ: Коронавирусқа қарсы екпе салдырудың қажеті жоқ

23 ақпан 2024 100
Қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы вакцина салдырудың немесе ревакцинация жасаудың қажеті жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – мемлекеттік бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты.
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы (ДДСҰ) бойынша бүгінде халыққа коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға немесе ревакциянация жасатудың қажеті жоқ. Тек халықтың осал топтарына, егде жастағы адамдарға екпе салуға болады. Бірақ мұны да эпидемиологиялық жағдайға қарай әр мемлекет өзі шешеді», – деді Айжан Есмағамбетова Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Оның айтуынша, бүгінде елімізде коронавирусқа қарсы вакцина жоқ.
«Қазір COVID-19 вирусына қарсы вакцина жоқ. Ол бізге керек те емес. Эпидемиологиялық жағдай өзгерсе, OtarBioPharm бір айда екпенің керек дозасын шығара алады. Алайда қайталап айтамын, ДДСҰ ұсынымына сәйкес, бүгінде коронавирусқа қарсы екпе алудың қажеті жоқ», – деді вице-министр.

Фото: pixabay.com
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?