Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бишімбаев бейнебақылау жазбаларын неліктен өшіруді сұрағанын айтты

03 сәуір 2024 131

Бишімбаев бейнебақылау камерасындағы жазбаларды неліктен өшіруді сұрағанын айтты. Кадрлардан Бишімбаев пен Нүкенованың көшеде сөйлесіп тұрғанын көруге болады. Олар гастроцентрге бірнеше рет кіріп, шығады. Видеода ешқандай дыбыс жоқ, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

"Кісі өлтіргенімді жасыру үшін емес. Ол кезде Салтанат тірі еді. Мен оны Telegram арналарына жарияланып кете ме деп қорықым. Себебі оны кез келген күзетші жариялай алады. Көшеде төбелесіп, оны ұрып-соққан сәттерім де бар. Қаласаңыз, мұның бәрін Telegram-арнасына сата аласыз. Біз кез келген ақпаратты сатуға болатын заманда өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан мен камералардан барлығын өшіріп тастауды сұрадым", - деді ол.


Айта кетейік, дәл қазір алқабилерге "Бау" мейрамханасынан түсірілген видеодеректер көрсетіліп жатыр. 


Бұл мақала туралы не ойлайсыз?