Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Айман Омарова Президентке үндеу жолдады

15 наурыз 2024 143

Қазақстандық заңгер, Ұлттық құрылтай мүшесі Айман Омарова балалар арасындағы суицид мәселесін көтеріп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады.

Ол соңғы уақытта белең алып жатқан қайғылы оқиғаларға бей-жай қарамауға шақырды.

"Сіздің назарыңызды, әсіресе балалар арасындағы суицид деректерін тергеуге аударғым келеді. Қылмыстық істер негізінен "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша тіркеледі. Кейіннен нақты себептер анықталмағандықтан, қылмыстық істер тоқтатылады. Сондықтан Бас прокуратураға Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бойынша тіркелген барлық қылмыстық істерді зерделеуді тапсыруыңызды сұраймын, өйткені қандай да бір шара қолдану қажет", - деді Айман Омарова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?