Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанада қонақүй орнына сауда орталығын салған Болат Назарбаевтың ұлы сотта жеңілді

27 сәуір 2024 116

Болат Назарбаев ұлының Астанада қонақүй орнына сауда орталығын салғаны хабарланды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Bes.Media-ның хабарлауынша,марқұм Болат Назарбаевтың ұлы Астанада заңсыз сауда орталығы құрлысы ісі бойынша апелляциялық істе жеңіліс тапты. Ханболат Назарбаевтың жер учаскесінде мақсатты нысан салынбауына байланысты сот заңсыз нысанды сүріп тастауға шешім шығарған. Алайда ол апелляцияға беріп, онда да жеңіліп қалды.

Сот қаулыны өз күшінде қалдырды. Шешім заңды күшіне енді. Тараптар Жоғарғы Сотқа кассация беруге құқылы екені айтылды.

Орайы келгенде айта кетейік, Ханболат Назарбаев – Майра Құрманғалиева мен марқұм Болат Назарбаевтың 22 жастағы ұлы. Тұңғыш президент отбасының көптеген туысы сияқты, кіші Назарбаев та бірнеше компанияға иелік етеді.Атап айтқанда:📍

Шетелдік фармацевтикалық компаниялар үшін медициналық маркетингтік зерттеулерді ұсынатын Imexpharma;

көтерме саудамен айналысатын шымкенттік BN AN invest group;

📍Newkazgroup Development және Аманат-building құрылыс-монтаж фирмалары.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?