Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әлихан Бөкейхан - жалпыұлттық деңгейдегі саясаткер − ресейлік ғалым

21 наурыз 2024 105
Әлихан – ең алдымен Қазақ­стан­ның көрнекті саяси қайраткері, бірақ өз жұмысымда оның бір елдің ғана емес, сол дәуірдегі жалпы империялық, жал­пыұлттық деңгейдегі саясаткер еке­нін көрсетемін.
 
Тағы бір қызықтыратын дүние, Ресей империясының тұсында қаншама жүз­деген халық тұрып жатты. Бірақ революция болған кезде барлық халық бірдей автономия құрып кете алған жоқ. Қазақ халқының қолынан келді. «Бұл қалай болды? Оған не әсер етті?», деген сұрақтар зерттеуге итермеледі. Ал мұны білу үшін әлбетте «Алаш» авто­­номиясының ба­сындағы Әлиханды толық тану керек.
 
Әлихан Бөкейхан сияқты ірі, көрнекті саяси қайраткердің өмірбаянын оқып, зерттеу мүмкіндігіне ие болғаным үшін өзімді бақытты адам деп санаймын.
 
Ә.Бөкейханның өмір тарихы – қазақ даласындағы қарапайым ауылдан шыққан ұлдың текті тұқымнан, Шыңғыс ханның ұрпағы болғанымен, асып-тасқан бай отбасынан емес, талмай еңбектеніп, тарихтағы терең із және үлкен идеялық мұра қалдырып, халқы мойындаған ұлт көшбасшысына айналуы туралы әңгіме. Оның тарихтағы рөлі әлі лайықты деңгейде толық ба­ғаланған жоқ.
 
Кейіпкерімнің маңызды жетістіктерінің бірі, Әлихан 1917 жылы желтоқсандағы конгресстің құрылуы туралы шешімдерге кейін нақты арқау болған Қазақстанның тұтастығын ай­қындау сияқты маңызды мәселеде ғы­лыми-теориялық негіз жасады. Бұл идеялар үлкен идеологиялық ықпалға ие болды, содан кейін 1920 жылы Кеңес автономиясының құрылуымен 1936 жылы одақтас республиканың құры­луына және 1991 жылы тәуелсіз­дікке қол жеткізуге негіз болды.
 
Тұтас­тық мәсе­лесі – басты мәселе, онсыз автономия мәселесін шешу мүмкін емес еді. Өйт­кені бұл – қазақ мемлекеттілігінің дәстүрін қалпына келтірудің алғашқы кезеңі.
 
Ресейлік ғалым, тарих ғылымдарының докторы,
профессор Виктор Козодой
«Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатынан
 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?