Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Әкем шексіз сүйгендікдіктен өлтірді". Бишімбаевтың бұрынғы әйелі балаларына дейін өлімді сөз ететінін айтты

17 сәуір 2024 864

Назым Кахарман бұрынғы министр Бишімбаевтың ата-анасымен қарым-қатынасы туралы, арадағы байланыстың неге үзілгені жайлы жалпақ жұртқа баяндады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Сот отырыстарының бірінде кісі өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаев өзінің бұрынғы жұбайы ата-анасын бопсалап, немерелерімен араласпайтынын мәлімдеген еді. Назым Кахарман әлеуметтік желілерде мұндай айыптауларға қатыстыжауап берді. 

Назым Кахарманның айтуынша, оның балалары бұған дейін де кішкенеден түрлі қиындықтарды көрген. Ерлі-зайыптылар тіл табыса алмаған, 2017 жылы Қуандық Бишімбаевты сыбайлас жемқорлық үшін істі болған.

"Біз бардық, оны қолдадық, содан кейін ажырасу, үйлену тойы, жаңа әйелімен жанжал. Содан кейін кісі өлтіру. Балалар Құдайға шүкір психологтың көмегіне жүгінді. Туыстарым мен достарым олардың бойында өте жақсы моральдық құндылықтарды қалыптастырды", - деп жазды Бишімбаевтың бұрынғы әйелі.

Ол бұрынғы жұбайының қазір сотта айтып жатқанының бәрін балаларымен бірге 10-11 қарашадағы сараптамалар мен қорытындыларға дейін естігенін айтты.

"Менің қызыма дейін әкем сүйгендіктен өлтірді деп айтады. Осындай қорқынышты әңгімелерді балаларға дейін сөз етеді. Жалпы, мұның бәрі маған және балаларыма алыстау үшін себеп болды. Мен, ана ретінде, әрине, олармен араласуға қарсымын. Сондықтан арадағы қарым-қатынасты тоқтату  туралы шешім қабылдадым", - деп түсіндірді ол.

Оның айтуынша, балалар анасының шешімін қолдаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?