Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Air Astana 600 теңгенің билетіне қатысты түсініктеме берді

08 сәуір 2024 113

Air Astana скриншоттардағы қате ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

Air Astana әуекомпаниясы әлеуметтік желілерде жүрген скриншоттарда қате ақпарат таратылғанын хабарлады. Аталған суреттерде Атыраудан Алматыға, Астанаға немесе Ақтауға ұшатын әуебилеттерінің құны көрсетілген. Алайда ол жерде Ыстанбұл арқылы ұшатын бір немесе екі трансфері бар рейстер көрсетілген. Ал сегменттердің бірінде бизнес-класс билеттері ұсынылған. 

Осылайша, мұндай скриншоттар жұртты жаңылыстыруда. Ең жақсы бағаға кепілдік беру үшін жолаушылардан әуекомпанияның ресми сайтында немесе Air Astana қосымшасында эконом-класта тікелей рейстерді таңдауды сұраймыз.

Әуекомпания ішкі бағыттардағы әуебилеттерінің құнын өсірген жоқ. Керісінше, Air Astana әуекомпаниясы отандастарымыз ұшып кете алуы үшін Атыраудан Алматыға және кері қарай қосымша рейстер енгізді.

Егер сіз таңдаған күндерге билеттер қалмаса, басқа күндерді қарауыңызды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?